Бүгін Астанада күн ала бұлтты болады, түнде қар жауады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23-25°С, күндіз -16-18°C болады.
Ертең, 16 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -27-29°С, күндіз -16-18°C болады.
Дүйсенбі күні, 17 ақпанда, елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -18-20°С, күндіз -10-12°C болады.