Демалыс күндері елордада күн бұлтты, жауын-шашынды болады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Астанада апта ішінде ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болды. Ал демалыс күндері өткінші жаңбыр жауу ықтимал. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Алдағы күндері Астанада күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Түнде ауа температурасы -2;0°C, күндіз 2 7°C шамасында.

Сенбі күні елордада күн бұлтты, аздап жауын-шашын жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы - 0;-2°C, күндіз - 5 7°C.

«Жексенбі күні елордада күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0°C, күндіз 2 4°C болады», - деп болжайды синоптиктер.