Демалыс күндері елордада күн салқын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада осы апта ыстық болып басталғанымен, синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері ауа райы салқындауы ықтимал.

Сенбі, 12 шілде күні Астанада күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы сынап бағанасы бойынша күндіз 18 20°С, түнде 15 17°С болады. Бейсенбі және жұмада күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Бүгін ауа температурасы күндіз 32 34°С, түнде 21 23°С, ал 11 шілдеде күндіз 26 28°С, түнде 21 23°С болады, деп хабарлайды astana.kz.