Елордада алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -2 3°C, күндіз 13 18°C болады.
«Сенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0,-2°C, күндіз 13 15°C болады», - деп хабарлады «Қазгидрометке» сілтеме жасап astana.kz .
«Жексенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 1 3°C, күндіз 16 18°C болады»,- деп болжайды синоптиктер.