Қазгидрометтің мәліметінше, ертең, 26 қазан, көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0... 2 °С, күндіз 11... 13°С.
Сенбі, 27 қазан күні көшпелі бұлт шығып, түсте жауын жауады. Оңтүстік бағыттан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 3... 5 °С, күндіз 13... 15 °С күтіледі.
Ал, 28 қазан күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын-шашын күтіледі. Жел батыстан соғады, жылдамдығы 7-12, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 3... 5 °С құрайды.