Демалыс күндері елордадағы Қобда көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 6 қыркүйек күні сағат 08.00-ден бастап 7 қыркүйек сағат 20.00-ға дейін Қобда көшесінің Абылай хан даңғылы мен Төлебаев көшесі аралығындағы бөлігінде жол қозғалысы тоқтатылады.

Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан сілтеме жасап хабарлады. Аталған жол бөлігінде инженерлік желілерді орнату жұмыстары жүргізілген соң жол қозғалысы қайта жалғасатын болады. Осыған байланысты көлік жүргізушілеріне қолайсыз жол-көлік кептелістеріне тап болмас үшін жүру бағытын алдын-ала жоспарлап алу ұсынылады. Жол-құрылыс жұмыстары жүргізілетін уақытта жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында тиісті ескертуші және тиюшы жол белгілері орнатылады.