Жексенбі күні еуропалық астана - Брюселльде тұрғындар экономиканың қатаң саясатына қарсы шықты.
1,5 мыңға жуық адамды жинаған наразылық білдіру акциясының қатысушылары дағдарысқа қарсы шараларды сынға алатындықтарын айтты. Наразылық білдірушілердің пікіріне қарағанда, олар дағдарыс кезінде байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықты арттыруда.
«Бельгияда халықтың 15 пайызы кедейшіліктің аз-ақ алдында тұр, бұл әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі үшін көп. Зейнетақы реформасы зейнеткерлердің өздері жинаған қаражатты алуға ғана тіреледі. 1 қарашадан бастап жұмыссыздарды еңбекке қайта баулу үшін жұмыссыздарға төленетін жәрдемақылар төмендетілетін болады. Федералды үкімет (Бельгия) 2020 жылға қарай 380 мың адамды кедейлердің санатынан шығаруды көздеп отыр, алайда бұл қадамдар кедейлердің санын арттыру мүмкін», - деді «Кейделікпен күрес жүйесінің» төрағасы Питер Эйман.
Испандықтар бюджеттік шығындарды қысқарту бойынша үкіметтің жоспарына қарсылық білдіруде. Жексенбіге қараған түні Мадридте үкіметке қарсы акцияның және полицияның қатысушылары арасында тағы да қақтығыстар орнады.
Құқық қорғау органдарының өкілдері митингке шыққан адамдарды жолдан қумақ болғанымен, қарсы әрекеттерге ұшырады: полицияға тастар мен бөтелкелер лақтырылды. Қақтығыстың салдарынан 12 адам қамауға алынып, бірнешеуі жарақаттанды. Полиция арнайы құралдарды пайдаланды.
Әзірленіп жатқан зЗейнетақы реформасына қарсылық көрсету акциялары Польшаның астанасы Варашавада да өтті.
Полицияның берген мәліметтеріне қарағанда, мыңдаған тұрғындар ту мен дыбыс шығару құралдарымен көшелерге шыққан. Ереуілге қатысушылары арасында кәсіподақшылар мен оппозициялық «Ниеттестік» консервативтік партиясының өкілдері болды.
Елдің үкіметі зейнеткерлердің жасын 67-ге дейін көтеруді жоспарлауда, бұл польшалықтардың басым бөлігінің наразылығын тудыруда.