Атап айтқанда, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын, 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу қала береді. Ал сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады. Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары жұмысы істемейді.
Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысы да тоқтайды. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар жабылады.
Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысы, ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары енгізіледі.