Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын болады

АСТАНА.ҚазАқпарат -Оңтүстік циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

«Оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжып, солтүстік-шығыс бағытына ауысуы мүмкін. Демалыс күндері қар жауып, бұрқасын болып, кей жерлерде 18-25м/с  екпінді жел және көктайғақ тудырады», - делінген хабарламада.

Сенбіде циклонның шығуымен республиканың көптеген облысында температурының жоғарылауы күтілуде, ол дүйсенбі күні суық ауа температурасына ауысады. Қардың жаууы, бұрқасын және көктайғақ, әсіресе таулы жерлер мен автожолдарда қауіпті болмақ.