НҰР-СҰЛТАН
15.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жапонның дәстүрлі күлкілі қисса айту өнері - Ракуго қойылымы өтеді.
19.30 - 22.00 аралығында «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында «Жер сағаты - 2019» халықаралық науқанына арналған салтанатты шара өтеді.
31 наурыз
10:00-де Оқушылар сарайында балаларға арналған «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» II инклюзивті спорттық фестивалі өтеді.
АЛМАТЫ
9.00 - 14.00 аралығында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында колоректалды қатерлі ісікті анықтау мен алдын алу бойынша ашық есік күндері өтеді. Қазақстандықтар білікті онкологтардың кеңесін алып, тегін тексеріле алады.
10.00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Дильяра Қайдарованың қатысуымен колоректалды қатерлі ісік жағдайы жөнінде брифинг өтеді.
11.00-де Алматыда триатлон маусымы ашылады.