Сондықтан алдағы демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі.
Болжам жасалып отырған кезеңде Орталық Азияға Жерорта теңізінің шығыс аудандарынан қозғалған циклон жылжып келеді. Соған байланысты республиканың оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Сондай-ақ Қазақстанның батысында да жауын-шашын болады, негізінен, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, басқа өңірлерге қарағанда, ауа температурасы күрт төмендейді.