Демалыс күндері Қазақстанда ыстық ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы демыс күндері Қазақстанның батыс бөлігінен басқа барлық аумағында дерлік ыстық ауа райы сақталады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

«Тіпті республикадағы түнгі ауа райы да 13-23 градустан төмендемейді, ал күндіз температура 28-35 градусқа дейін, кей жерлерде 36-41 градусқа дейін көтеріледі. Яғни аса ыстық ауа райы сақталады. Батыс облыстарда ғана күндізгі температура кей жерлерде 20-25 градусты көрсетеді, бұл көп жылғы орташа температурадан 1-3 градус төмен», - деп хабарланды Қазгидрометтің сайтында.