Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймағында күн жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-9 ақпан күндері Қазақстанның бүкіл аумағында күн жылынып, оңтүстікте ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Қазақстан аумағына оңтүстік-батыс ағынымен ауысатын циклон өзімен бірге жылу және жауын-шашын әкеледі. Қар, боран, қатты оңтүстік-батыс жел 15-25 м/с республиканың солтүстік бөлігінде күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде және батысында - сулы қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Күндіз республиканың барлық дерлік аумағында жылымық күтіледі, ал оңтүстікте ауа температурасы 2-10º дейін жылынады. Осындай температура климаттық нормадан 3-8º жоғары», - деп жазылған хабарламада.