Демалыс күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет»РМК 20-22 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс күндері барикалық өріс қайта өзгереді деген болжам бар. Сондықтан Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфералық фронттарменбірге Орал аймағынан салқын және ылғалды ауа түсе бастайды.

Атмосфералық фронттар оңтүстік-шығысбағытта баяу жылжи отырып, өз жолында қысқамерзімді жауын-шашын, найзағай, дауыл, бұршақ ала келеді. Күннің жылуы әлсірейді.

Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында күн әлі деыстық, ауа температурасы бұрынғысынша - 38...45°С.

Соңғы жаңалықтар