Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде жауын жауады, ал солтүстігінде боран болады деп күтілуде
13:53, 11 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері жауын-шашын жауып, күн ала бұлтты болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрған антициклон Сібірдің оңтүстігіне көшеді. Ал Ресейдің европалық аумағынан циклон көшіп келеді. Сондықтан демалыс күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарда боран болып, жел жылдамдығы 15-20м/с дейін көтеріледі деп күтіледі. Оңтүстікте жауын, таулы аудандарда сулы қар жауады. Температура төмендейді, алайда аталған кезең үшін климаттық нормадан жоғары болады»,- делінген хабарламада.