Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде қар жауады
15:53, 18 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігінде демалыс күндері жауын-шашын болып, екпінді жел тұрып, тұман түсіп, жылы күндер нағыз күзгі қоңыр-салқын ауа райына ауысады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік облыстарда дүйсенбі күні түнде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Мұндай ауа райы Солтүстік Уралда (РФ) қалыптасқан және Қазақстанға оңтүстік-шығыс бағыттан ойысқан суық арктикалық ағындарға байланысты.
Республиканың батыс облыстарында елдің қалған аумақтарымен салыстырғанда ауа райы жылы болады.