Ауа температурасы күндіз 13... 25º-тан аспайды, бұл бұрынғыша орташа көпжылдық мәннен 3-7 гардусқа төмен.
Таяу үш тәулікте елдің шығысында, дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, өткінші жауын жауады, желдің күші 15-25 м/с-қа жетіп, ауа температурасы шығыста 25... 33º-тан 20... 28º дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста - 30... 38-ден 25... 35º-ге дейін төмендейді. Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз 28... 35º ыстық болады деп күтілуде.