«Барлық нәрсенің өзімізге тікелей байланысты екенімен келісетін шығарсыздар. Қоғамдық көлікке толымдылығы бойынша қойылатын талаптар бар, ондағы жолаушылар маска тағып отыруы керек. Бірақ бұл талаптарды бәріміз бірдей орындай бермейміз», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта аурушаңдық өсіп, өлім-жітім көбейіп жатыр, өңірлерде денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс көп жүктеме артылды.
«Бұл шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені жеңілдетуге арналған. Шектеу шараларының тиімділігі өткен шектеу кезеңімен салыстырғанда дәлелденді», - деді А. Есмағамбетова.