Тиісті қаулыға Кеген ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды.
«Алматы облысы Кеген ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бүгін шыққан қаулысы негізінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 18-19 шілде күндері «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағы барлық келушілер үшін жабық болады. Барлық тұрғындар мен қонақтардан санитарлық шараларды сақтауды және саяхаттардан бас тартуды сұраймыз», -делінген облыс әкімдігінде.
Еске сала кетейік, Алматы облысының барлық аумағында өткен демалыс күндері қатаң карантин жарияланған болатын.