Демалыс күндері оңтүстікте 46 градусқа дейін аптап ыстық сақталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 23-25 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады.

25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жауады.

Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы 27 42°С-тан 23 35°С-қа дейін төмендейді.

Ал елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде ауа температурасы аздап көтеріледі: мұнда термометрлер 25 38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон 22 30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 34 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.