Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде аяз сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 23-25 қаңтар күндері республиканың басым бөлігінде аяз сақталады.

«Сібір антициклонының сілемдері демалыс күндері Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райын анықтайтын болады. Сондықтан, көптеген облыстарда жауын-шашын күтілмейді, ал аяз сақталады. Дүйсенбі күні антициклон шығысқа қарай жылжи бастайды, Қазақстанға Иран аудандарынан ауа келіп түсетін болады, температура көтеріледі. Тек батыс облыстарда қар, бұрқасын және температураның төмендеуі күтіледі», - деп жазылған хабарламада.