«Жақын арадағы үш тәулікте Алдыңғы Азия аудандарынан ыстық ауа Қазақстанның барлық дерлік аумағына таралады: батыста және оңтүстікте күндізгі температура 35-41º дейін, солтүстік және орталықта 28-35º дейін. Тек республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына Батыс Сібірден салқын ауа келеді. Сондықтан мұнда кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр, бұршақ жауады», - деп жазылған хабарламада.