Батыс Қазақстан облысына нөсер жауын жаудырған циклон Батыс Сібірге қарай, солтүстік-шығысқа жылжиды. Осыған байланысты, алдағы демалыс күндері республиканың солтүстік облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.
Қазақстанның қалған бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен бұлтсыз, жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.