Демалыс күндері республиканың бірқатар аймақтарында күн ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 6-8 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Антициклон ықпалымен республиканың басым бөлігінде демалыс күндері жауын-шашынсыз, күн  ала бұлтты болады, ыстық ауа райы   батыс жақтан біртіндеп барша Қазақстанға тарайды. Батыста және оңтүстікте ауа райы 32-42ºС, оңтүстік-шығыста 28-37ºС, қалған аумақта 25-тен  35ºС-қа дейін ыстық болады деп күтілуде.  Бұл температура қалыптыдан 3-7ºС жоғары. Тек шығыста және таяу күндері республика солтүстігінде жер-жерлерде найзағаймен өткінші жауын жаууы ықтимал», - деп жазылған хабарламада.