Қазақстанның басым бөлігі аз қозғалатын антициклон жотасында болады. Нәтижесінде солтүстік өңірлерде күн жылынады.
Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, онымен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік және тұман сақталады.
Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста 30 35°С, солтүстік-батыста 23 33°С, республиканың солтүстігінде ауа температурасы 17 25-тен 23 30°С-қа дейін, орталықта 15 22-ден 20 31°С-қа дейін, шығысында 13 21-ден 20 28°С-қа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы 27 32°С, оңтүстік-шығысында 20 28°С.