Олардың «УАЗ» автокөлігінің ішінен салмағы 320 келі болатын бағалы тұқымды балық табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
Тексере келгенде, аталған азаматтардың теңізге шығуға рұқсат беретін қағазы болмай шықты. Ұсталғандар әкімшілік жазаға тартылды.
Осы күні шекарашылар қамыс арасына әлдекімдердің жасырып кеткен 89 дана балығын тапты, таразыға тартқанда оның жалпы салмағы 68 килограмм болып шықты (ақмарқа - 32 келі, сазан - 36 келі).
Шекарашылар қамыс арасын теңіз полициясымен бірлесе отырып қайта тексерген кезде ол жерден тағы 126 дана (78 келі) бекіре балығы табылды.
Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.