Демалыс күні Қаскелең қаласында Абай атындағы орта мектепте өрт болды - ТЖД
08:46, 04 Қазан 2010
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күні Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектепте өрт болды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт қазанның 2-сі күні 16 сағат 41 минутта мектеп ауласында жеке орналасқан қосалқы ғимараттан шыққан.
Жалын Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасының күшімен сағат 17.11-де толығымен ауыздықталды.
Өрттің шарпыған аумағы 60 шаршы метрді құраған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.