Барва ауылында алты бала футбол алаңында ойнап жүріп, қаза тапса, келесі ауданда бес адам егістікте жұмыс істеп жүріп мерт болды. Супаул өңірінде жергілікті мектеп директорына найзағай түсіп көз жұмған.
Маусым айынан бастап Үндістанда найзағай ойнап, муссондық жаңбыр кезеңі жалғасуда.
Еске сала кетейік, өткен жылы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында шіркеулердің бірін найзағай соғып, салдарынан тоғыз адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған болатын.