Демалыс күнін ауыстыру туралы
2009 жылғы желтоқсанда еңбеккерлердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күні 2009 жылғы желтоқсанның 20-сындағы жексенбіден желтоқсанның 18-індегі жұмаға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнімдерді шығару, қаржылық қызметтерді қоса алғанда қызметтер көрсету үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосумен айналысатын ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып 2009 жылғы желтоқсанның 18-інде жұмыс істеу құқығы берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмысқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтемақы төленеді.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.