Демалыс паркі күрделі жөндеуден өтті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық демалыс паркінің соңғы қырық жылда жаңаланбаған аттракциондарын ауыстыру үшін облыс әкімінің қолдауымен 300 млн теңге қаржы бөлініп, 6 ауқымды аттракцион орнатылды.

Жалпы бұрын қалалық паркте сағатына 2 190 адамға қызмет көрсетілетін болса, бүгінде 5 860 адамға қызмет көрсету мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

Биылғы жылы да қалалық паркті заман талабына сай жетілдіру жұмыстары жалғасын табатын болады. Осы мақсатта облыс әкімінің қолдауымен 209 млн. теңге қаржы бөлініп, 3 аттракцион орнату жоспарлануда.