Демалыста еліміздің басым бөлігінде күн қайта ысиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жақын күндеріатмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басымбөлігінде жаңбыр жауып, батыста және солтүстік-батыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады.

Республиканың қалған аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары жылжитындықтан, ауа температурасыкөтеріліп, аптап ыстық болады.

Республика бойынша кей жерлерденайзағай ойнап, жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.