«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр.
Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездесіп, жеңілген едім.
Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты.
Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», - деді Жадыраев.
Айта кетейік, Жадыраев жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановпен белдесіп, қарсыласын 6:1 есебімен ұтты. Осылайша, Париж Олимпиадасының финалына шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Демеу Жадыраев ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесіп, 3:1 есебімен басым түсті.