Алматы облысының әкімдігі Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа үш бөлмелі пәтер мен 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбековке және спортшының жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа 2 бөлмелі пәтер мен 2 миллион теңгенің сертификаты сыйланды.
Ал Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға демеушілер атынан 3 бөлмелі пәтер мен 2 миллион теңге сыйлыққа берілді. Сондай-ақ Париж Олимпиадасына Алматы облысының атынан қатысқан Әсем Орынбай, Эдуард Ещенкоға 2 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді.
Еске салайық, 7 тамыз күні Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Дәл осы күні Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.