Жедел жәрдем базасында жаңа жабдықтар таныстырылды. Оның бірі – жаңа туған сәбилерді тасымалдауға арналған көлік инкубаторы.
Статистикаға сүйенсек, былтыр павлодарлық медавиация 373 өтінімді орындаған. Оның ішінде 100 жағдайда салмағы 700-ден 1500 грамға дейінгі сәбилерді тасымалдаған.
«Шала туған нәрестелерге немесе ауыр патологиямен туған балаларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлік инкубаторы қажет. Мұндай кювез ауа температурасын, оттегінің концентрациясын, салыстырмалы ылғалдылықты бақылауға, сондай-ақ тыныс алу терапиясын жүргізуге мүмкіндік береді», - дейді медавиация меңгерушісі Алмагүл Бесембинова.
Жаңа жабдықтың құны 45 млн теңге тұрады. Оны стансаға демеушілер сатып алып берді.
Еске сала кетейік, Павлодарда аналардың үй жағдайында босануы белең алып барады.