Демократиялық сайлау негізінде билікті тапсыру біздің халық үшін маңызды. Бізге тағы бір тарихи таңдау берілді - Роза Отынбаева

ШКЕК. 29 қазан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - 28 қазан күні кешке ҚР президенті Роза Отынбаева орталық республикалық телеарналар эфирінде Қырғызстан халқына арнап сөз сөйледі.

Қырғызстан басшысы атап өткендей, алдағы сайлаулар қырғыз халқы мен мемлекеті үшін аса маңызды. «Алғашқы рет жаңа тарихта іс басындағы президент сайлауға қатыспайды, керісінше, ол сырт қалып, сайлаудың ашықтығы мен демократиялық қағидаларда өткізілуіне кепіл іспеттес болып отыр. Жаңа сайланған президенттің жұмысының басталуымен өтпелі кезең аяқталады», - деп мәлімдеді Р.Отынбаева.