«Алысқа бармайық, Астананың өзін алсақ, аулаларда аяқ алып жүретін жер жоқ. Спорттық жабдықтар тұрмақ, көлікке орын жоқ. Мұны құрылысшы компанияларға жүктеу керек еді, қалалық әкімдіктер спорт аулаларына жер қалдыру туралы нормативтер қабылдауы керек. Бұны Үкіметтік деңгейде көтеру керек», - деді О. Өксікбаев.
Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет тарапынан арнайы заң жобасы әзірленіп, ол жақын аралықта Мәжіліске ұсынылатынын атап өтті. «Онда орталық және жергілікті атқарушы органдардың міндеті нақты жазылады. Сондықтан да, біз барлық тұрғын үй аулаларында спорттық алаңдар болдыратындай норма көздесек дегенбіз», деді министр.