деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Енді заң жобасы Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Заң жобасының мақсаты бұқаралық спорт түрлерін дамытып, спорт резервін дайындау және спортшылар тәрбиелеуге қажетті құқықтық база қалыптастыру болып табылады. Отырыс барысында депутаттар құжатқа туризм және спорт саласындағы субъектілердің атын атап, түсін түстеп көрсететін және мемлекеттік органдардың құзырына қатысты бірқатар түзетулер енгізу қажет деген ұсыныстарын білдірді.