Дене шынықтырудың және спорттың азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеудің ережесі бекітілді

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен Дене шынықтырудың және спорттың азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеудің ережесі бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін назарларыңызға ұсынады.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 01-01-07/66 бұйрығы

Дене шынықтырудың және спорттың азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесін бекіту туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесі бекітілсін.

  • 2. Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
  • 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  • 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
  • 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда № 6245 болып тіркелді