Белгіленген жоғарыдағы іс-шараларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтау саласының инвестициялық жобаларын басқару орталығы өткізді, деп хабарлайды «ДСИЖБО» ЖШС баспасөз қызметі.
Қыркүйектен қарашаға дейін үш ай ішінде www.info-health.kz денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталында «Менің сүйікті дәрігерім», «Денсаулық олимпиадасы» және «Денсаулық туралы барлық ақиқат» үш интерактивтік конкурсы өтті.
«Менің сүйікті дәрігерім» конкурсы, пациенттердің өз пікірі бойынша астананың ең жақсы дәрігерін табу мақсатында өткізілді. Әркімге өзінің сүйікті дәрігері туралы айтуға мүмкіндік берілді. Ол үшін конкурс өткізілген кезде Астана қаласының медициналық мекемелеріне дауыс беруге арналған арнайы бокстар орнатылды. Конкурста барлығы 37 үміткер мәлімделді. Осы конкурстың жеңімпаздары: Ерлан Мусенов (№6 қалалық емхананың акушер-гинекологы), Лариса Павловец (№1 қалалық балалар ауруханасының неонатологы), Марал Рахымғалиева (№5 қалалық емхананың оториноларингологы).
«Денсаулық олимпиадасы» конкурсы - сұрақ-жауап сайысы, қатысушыларға денсаулық сақтау,медицина және салауатты өмір салты тақырыптарын көтеретін сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Осы конкурс жеңімпаздары: Юлия Иноземцева (1-орын), Ілияс Есболатов (2-орын), Қанат Есболатов (3-орын).
«Денсаулық туралы барлық ақиқат» уәждеушілер конкурсы. Уәждеушілер - интернеттің арқасында үлкен танымал алған жастар арасындағы жаңа ағым. Жаңа формат, конкурс ұйымдастырушыларына қазіргі заманғы медицинаға жастардың көптеген қызықты идеялары мен креативті көзқарасын бағалауға мүмкіндік берді. Осы конкурсқа барлығы 69 жұмыс ұсынылды. Осы конкурстың жеңімпаздары: Анар Рахымова (1-орын), Әлия Талипова (2-орын), Сәуле Ищанова (3-орын).
«Денсаулық туралы барлық ақиқат» және «Менің сүйікті дәрігерім» конкурсының жеңімпаздары Ақпараттық-танымдық веб-портал форумында ашық дауыс беру арқылы айқындалған болатын. Жеңімпаздарды таңдау кезінде ұсынымдық сипаттамасы сараптамалық комиссия бағалауын алды. Ұйымдастырушылар конкурстарды өткізу бастамасын қолданағаны үшін және еңбекті көп қажет ететін жұмысы үшін сарапшыларға алғысын білдіреді. Оның құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау саласының инвестициялық жобаларын басқару орталығы, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Астана қ. Медицина университеті, «Астананың КЕҰ форумы» ЗТБ қызметкерлері арасынынан құралған.
Осы күннің екінші маңызды оқиғасы - бұл «Дені сау ұлт» кубогі» ІІ республикалық дебаттық турниріашылуы. Дебаттық турнир - азаматтар денсаулығын қорғау саласы мен денсаулық сақтау жүйесі, практикалық медицина мен салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық сақтау саласының инвестициялық жобалары және көптеген басқа да өзекті мәселелерді талқылауға арналған бірегей алаң. Турнир, бір уақытта қазақ және орыс лигаларында америкалық парламенттік формат пен президенттік дебаттық форматы бойынша жүргізіледі.
Осы жоба өткен жылы «Ең жақсы турнир» номинациясында «Дебаттар тәжі - 2009» дебаттар бірлестігінің халықаралық сыйлығына лайық болған. Биылғы жылы ұйымдастырушылар іс-шараны осынша биік деңгейде де өткізуге тырысады. Турнирге Қазақстанның Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Өскемен, Орал, Шымкент, Екібастұз сияқты 17 қалаларынан ең таңдаулы ділмарлар шақырылған.