Дэниэл Джейкобс: Головкинді жеңуге мүмкіндігім жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Дэниэл Джейкобс 18 наурыз күні Геннадий Головкинмен өтетін айқаста жеңуіне еш кедергі жоқ екендігін мәлім етті, деп хабарлады Sports.kz.

«Бұл менің мансабымның биік шыңы», - деп хабарлады Джейкобс журналистерге. - Жаратушының қолдауынсыз алысқа бармайтын едім және жеңімпаз атанбас едім».

«Менің ойымша, осы жекпе-жекте жеңуіме барлық мүмкіндік бар. Бұл керемет тарих, тамаша мүмкіндік және оны жүзеге асыруды асыға күтемін».