«Головкин біршама жылдам екен, менің ойымша, мен оның ойластырып қойған қақпанына түсіп қалдым. Өз-өзіме көңілім толмай отыр. Барлығы бас кезінде орын алды. Сәл босаңсыған жағдайда осындайлар орын алып жатады. Сол бір мезетте мен торға түсіп қалдым», - деді ол.
10:41, 27 Шілде 2014
Дэниэл Гил: «Головкиннің тұзағына түсіп қалдым»
АСТАНА. ҚазАқпарат – Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер Гарден аренасында WBA/IBO чемпионы Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған, орта салмақта әлемнің екі дүркін чемпионы болған Дэниэл Гил осы кездесуге орай өзінің пікірін білдірді.