Дэниэл Крэйгке тағы да Джеймс Бонд туралы екі фильмге түсуге ұсыныс жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми емес дереккөздердің хабарлауынша, Sony Pictures Дэниэл Крэйгке британ шпионын тағы да екі фильмде сомдауға келісім беруі үшін 150 млн доллар сыйақы ұсынып отыр.

Әзірге актердің қайтадан 007 агенті болып ойнауға келісетіні белгісіз, өйткені ол 2015 жылдың күзінде Бонд рөлін сомдамайтынын мәлім еткен.

Дэниэл Крэйг әзірге ешбір мәлімдемем жасамады, Sony Pictures компаниясы да жария етілген осы ақпаратқа қандай да бір түсінік бермеді. Сонымен қатар, Крэйгтің орнына басқа да әртістер ұсынылуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды, олардың қатарында Майкл Фассбендер, Тома Хиддлстона және Идрис Эльба бар.