Қазақстандық, әлемнің 190-ракеткасы Денис Евсеев Канберра (Аустралия) челленджер турниріне жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform .
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 217-орында тұрған босниялық Нерман Фатичпен шеберлік байқасты.
Д.Евсеев 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Ол бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта эйс жасамағанымен, 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Н.Фатич 4 эйспен ғана шектелді.
Осылайша Денис Евсеев негізгі турнирге жолдама алды. Денис алғашқы айналымда әлемнің 119-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен сынға түседі.
Ал тағы бір қазақстандық, әлемнің 222-ракеткасы Тимофей Скатов күтпеген жерден рейтингте 1388-сатыда тұрған аустралиялық Кейси Хулден жеңіліп қалды — 2:6, 5:7.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Аустралиядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).