Денис Евсеев Германиядағы жарыста алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 444-ракеткасы Денис Евсеев Аугсбург (Германия) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына жолдама алды.

Фото: ktf.kz

Д.Евсеев іріктеу сайысының жартылай финалында әлемдік рейтингіде 699-орындағы босниялық Мирза Башичпен бетпе-бет келді.

Матч 6:2, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Небәрі 54 минутқа созылған бәсекеде Евсеев 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Башич 5 эйстен аса алмады.

Денис Евсеев іріктеудің финалында әлемнің 576-ракеткасы, ресейлік Святослав Гулинмен кездеседі. Оны жеңген жағдайда негізгі жарысқа шығады.

Аугсбург додасының жүлде қоры — 56,7 мың еуро. Жеңімпаз 8 550 еуроға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Монтеррей турнирін сәтті бастағанын жазған едік. 

Сондай-ақ Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында миксте өнер көрсетпейтін болды.