АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 444-ракеткасы Денис Евсеев Юберлинген (Германия) ITF M25 турнирінің екінші айналымына шықты.
Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 756-орындағы италиялық Маттео Коватоның мысын басты.
Кездесу 6:3, 6:4 есебімен Евсеевтің пайдасына шешілді.
Бәсеке небәрі 1 сағат 3 минутқа созылды.
Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін германиялықтар Венсан Дюллингер немесе Янник Маутенің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).