Денис Евсеев Испанияда негізгі жарысқа жолдама алды
20:48, 25 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Жирона (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 327-орында тұрған Румыния өкілі Сезар Крецумен кездесті.
Д.Евсеев бірінші партияда 3:6 есебімен ұтылғанымен, камбэк жасай білді - 6:3, 7:5. Әсіресе, үшінші сетте 0:3 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Денис Евсеев негізгі жарысқа жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикадағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.