Денис Евсеев Испанияда жарыстың бірінші ракеткасын ұтты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 103, осы жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньиниден айласын асырды.
Бірінші партияда Д.Евсеев 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде есе жіберді – 1:6.
Шешуші, үшінші партияда Денис қайтадан шеберлігінің жоғары екендігін көрсетті – 6:3.
Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Италиялық ойыншы 2 эйс, 4 брейк (9 брейк-пойнт) жасай алды.
Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 337-сатыда тұрған тағы бір италиялық Самюель Винсент Руджеримен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Аргентинадағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин Испаниядағы жарыстың ширек финалына өтті.