АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 212-ракеткасы Денис Евсеев Монтемар (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 376-орында тұрған оңтүстіккореялық, 20 жастағы Джерард Кампана Лимен өткізді.
Бірінші партияда кореялық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Бұдан кейін Евсеев ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:4, 7:5.
Екі сағат 56 минутқа созылған аса тартысты бәсеке барысында Денис 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды. Ли 1 эйс, 8 брейкпен (12 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-інші, әлемнің 138-ракеткасы, аргентиналық Марко Трунгельити немесе рейтингіде 703-сатыдағы 19 жастағы болгариялық Илиян Радуловтың қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юрий Щукиннің ұлттық құраманың көздеген мақсатына жеткені туралы айтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).