Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 340-ракеткасы Денис Евсеев Гуйян (Қытай) ITF M25 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев алғашқы айналымда рейтингіде 576-орындағы америкалық Эван Чжуды жеңді.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу 6:2, 3:6, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Д.Евсеев екінші айналымда рейтингіде 838-сатыдағы таиландтық Вишайя Тронгчароенчайкулмен бетпе-бет келді.

Бір сағат 56 минутқа созылған бәсекеде Евсеев қарсыласын 6:2, 6:7 (6:8), 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 465-ракеткасы, швейцариялық Лука Кастельнуовомен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Қазақстанның АҚШ-қа жол бергенін жазған едік.