Денис Евсеев Үндістандағы жарыста негізгі турнирге жолдама алды

Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 350-ракеткасы Денис Евсеев Нью-Дели (Үндістан) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады.

Қазақстандық теннисші алдымен тартысты матчта малайзиялық Мицуки Вэй Канг Леонгты тізе бүктірді – 6:4, 6:7 (3:7), 6:4.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 682-орындағы болгариялық Александр Донскидан басым түсті – 4:6, 6:4, 6:1. 

Осылайша, Д.Евсеев негізгі додаға жолдама алды. Бүгін жаңартылған рейтингіде ол 362-ден 350-орынға көтерілді. 

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин іріктеудің жартылай финалында ресейлік Егор Агафоновтан айласын асырды – 6:3, 2:6, 7:6 (9:7). Алайда бүгін Польша өкілі Макс Касиновскиге

1:6, 2:6 есебімен жол беріп, негізгі кезеңнен тыс қалды. 

Әлемнің 292-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бірден негізгі турнирде бақ сынайды. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы – жарыстың 1-ракеткасы, рейтингіде 134-орындағы аустралиялық Дейн Суини. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Доха турнирінің чемпионы атанғанын жазған едік.

Дубай турнирінде Елена Рыбакина өткен жылғы нәтижесін жақсарта ала ма, соны да хабарладық.

Анна Данилина әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді